23:29, 25 Сәуір 2025 | GMT +5
Алматыда екі қабатты ғимарат өртенді
АСТАНА. KAZINFORM — ТЖМ қызметкерлері екі қабатты ғимараттағы өртті сөндірді. Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады.

Алматы қаласы Түрксіб ауданында Громов көшесінің бойында орналасқан 2 қабатты пайдаланылмайтын әкімшілік ғимаратта өрт шыққан.
Өрт сөндірушілер келген кезде ғимарат лаулап жанып жатқан. Құтқарушылар өртті жедел түрде оқшаулады. Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.
Өрт толығымен 290 шаршы метр алаңда сөндірілді.
Айта кетелік Астанада екі жүк көлігі соқтығысып, өртеніп кеткен еді.