Алматыда экологиялық талаптарды бұзған 200 көлік анықталды
АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматыда көліктердің экологиялық талаптарға сәйкестігін тексеру жұмыстары жүріп жатыр.
Маусым айында мегаполисте жылжымалы экологиялық зертханалар 778 автокөлікті пайдаланылған газдардың уыттылығы мен түтін деңгейінің белгіленген нормаларға сәйкестігіне тексерген.
«Eco Almaty» ЖШС мәліметінше, мониторинг қалалық полиция департаментінің қызметкерлерімен бірлесіп жүргізілді. Тексеру нәтижесінде 194 көлікте экологиялық талаптардың бұзылғаны анықталды. Оның ішінде: 106 — бензин қозғалтқышымен жүретін көлік, 86 — дизель қозғалтқышымен жүретін көлік, 2 — газбен жүретін көлік.
— Іс-шаралар Алматының атмосфералық ауаны қорғау қағидаларын іске асыру аясында ұйымдастырылып, зиянды шығарындыларды азайтуға және ауа сапасын жақсартуға бағытталған, — деп түсіндірді компаниядан.
Еске салайық, Алматыда қаланың жаңа Бас жоспарының стратегиялық экологиялық бағалауы бойынша қоғамдық тыңдаулар өтті.