Алматыда Эверестті бағындырған альпинистерді салтанатты түрде қарсы алды

эверест
Фото: Александр Павский/Kazinform

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Ғаламшардың ең биік шыңы Эверест шыңына (8848 м) шыққан қазақстандық альпинистер Мақсұт Жұмаев, Анар Бурашева және Әлмір Қымбатбайұлы елге оралды.

Экспедицияның мақсаты – Қазақстанның мемлекеттік туын әлемнің ең биік шыңында көтеру.

эверест
Фото: Александр Павский/Kazinform

Алматы әуежайына экспедиция қатысушылары – Эверестке шыққан тарихтағы тұңғыш қазақ қызы Анар Бурашева мен оның жетекшісі, ғаламшардағы 14 сегіз мыңдықтың барлығын бағындырған аты аңызға айналған қазақ альпинисті Мақсұт Жұмаевты, сондай-ақ Әлмір Қымбатбайұлын қарсы алуға келушілер көп болды.

эверест
Фото: Александр Павский/Kazinform

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің ұжымы альпинистерге команданың Гималайда болған уақытында, әсіресе көтерілу кезінде, экстремалды және күрделі ауа райында көрсеткен батылдығы мен батырлығы үшін алғыс білдірді.

эверест
Фото: Александр Павский/Kazinform

«Осы уақыт ішінде бізге жылы лебіздері мен тілектерін жолдаған отандастарымызға алғыс айтамын. Анар Бурашеваға Эверестке шығуға көмектесу менің арманым еді. Сол мақсатқа жетуге көмектескен адамдарға рахмет», - деді Мақсұт Жұмаев.

эверест
Фото: Александр Павский/Kazinform

Өз кезегінде Анар Бурашева осы уақыт ішінде оның басты мотиваторы отбасы болғанын атап өтті.

«Отбасымның суреттері күртешемнің жүрек тұсындағы қалтада болды. Тауға шықпас бұрын біз «Пуджа» рәсімін жасадық және таудан көтерілуге рұқсат сұрап, аман-есен орулуымызды тіледік. Анамның дұғасы мені аман сақтап қалғанын да білемін. Біздің экспедициямызға қызығушылық танытып, қолдау көрсеткен барлық отандастарымызға рахмет», - деді Анар Бурашева.

эверест
Фото: Александр Павский/Kazinform

Бұған дейін қазақ қызы тұңғыш рет Эверест шыңына шыққаны туралы жазған болатынбыз.

Сондай-ақ қазақстандық альпинистер 6186 метр биіктікте жаттығу жүргізіп жатқаны туралы жазған едік.

эверест
Фото: Александр Павский/Kazinform
эверест
Фото: Александр Павский/Kazinform

 

 

Соңғы жаңалықтар