Алматыда индустриалдық аймақтың аумағы кеңейтіледі
АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматыда индустриалдық аймақты кеңейту үшін жер телімдері алынады.
Алматы қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 22 желтоқсандағы № 4/675-1585 қаулысына сәйкес, индустриалдық аймақтың аумағын кеңейту үшін Алатау ауданы «Алғабас» шағын ауданында орналасқан 37 жер учаскесін мемлекет мұқтажына алынады. Мәжбүрлеп иеліктен шығару мерзімі — 2028 жылдың 31 желтоқсанына дейін белгіленген.
Жер телімдерінің меншік иелеріне Алматы қаласы жер қатынастары басқармасы заңнамамен белгіленген тәртіпте өтемақы төлейді. Учаскелер мемлекет меншігіне алынған соң, Алматы қаласы кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының теңгеріміне беріледі.
Еске салайық, бұған дейін Алматыда 32 жер телімі автомобиль паркінің құрылысына, автобус паркін кеңейтуге, аумақты абаттандыруға және мектеп аумағын кеңейтуге мәжбүрлі түрде алынатынын жазғанбыз.