Алматыда қала орталығындағы жазғы дәмхана бұзылды

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Достық даңғылы, 42/74 мекенжайында орналасқан «Мята» барының жазғы террасасы сот шешімімен бұзылды.

Алматыда қала орталығындағы жазғы дәмхана бұзылды
Фото: Алматы әкімдігі

Бұл туралы Қала құрылысын бақылау басқармасы өкілдері хабарлады.

Ведомствоның мәліметінше, жоспардан тыс тексеру барысында нысанда рұқсат құжаттарының жоқтығы анықталған. Осыған байланысты меншік иесіне әкімшілік шара қолданылып, іс сотта қаралды.

Алматыда қала орталығындағы жазғы дәмхана бұзылды
Фото: Алматы әкімдігі

— 2026 жылы 11 ақпанда Алматы сотының ұйғарымымен нысанды бұзу туралы шешім өзгеріссіз қалдырылды, — делінген хабарламада.

Сот шешімін орындау мақсатында меншік иесі нысанды өз күшімен бұзды.

Еске салайық, бұған дейін Алматыда құрылысы аяқталмаған 5 қабатты ғимарат бұзылып жатқанын хабарлаған едік.

Соңғы жаңалықтар