Алматыда кеміргіштермен күрес 47 мың гектардан астам жерді қамтиды

АЛМАТЫ. KAZINFORM – 15 қыркүйек пен 31 қазан аралығында Алматыда «Таза Қазақстан» жалпыреспубликалық бағдарламасының аясында кеміргіштерді жою шарасының екінші кезеңі өтеді.

Борьба с грызунами в Алматы охватит свыше 47 тысяч гектаров
Фото: әкімдік

Іс-шараның мақсаты – кеміргіштерді жою және олардың таралуының алдын алу. Ол қаланың барлық сегіз ауданын қамтиды.

Қалалық қызметтердің мәліметінше, дератизация жұмыстары 47 мың гектардан астам аумақта жүргізіледі.
Өңдеу аймағына өзен-көл жағалаулары мен жеке тұрғын үйлердің аумақтары кіреді.

Жеке сектор тұрғындарына уды арнайы нұсқаулықпен бірге тегін алу мүмкіндігі қарастырылған.

Алматы қаласында дератизациялық іс-шаралар жылына екі рет — көктем мен күзде өткізіледі.

Мұндай кешенді тәсіл кеміргіштер санының өсуін бақылауға және олардың таралу қаупін азайтуға мүмкіндік береді.

Қалалық коммуналдық инфрақұрылым және тұрғын үй инспекциясы басқармасы дератизация кестесі ауа райының жағдайына қарай өзгеруі мүмкін екенін атап өтті.

Сондай-ақ басқарма заңды тұлғаларға, ПИК, МИБ және ПТ өкілдеріне өздеріне қарасты аумақтар мен қоқыс алаңдарында дератизацияны қалалық жұмыстармен қатарластыра жүргізу туралы өтініш жасады.

Осыған дейін Қонаевта тазалық сақтамаған тұрғындарға 3 млн теңге айыппұл салынғаны туралы жаздық.

 

Соңғы жаңалықтар