Алматыда қолайсыз ауа райына байланысты қоғамдық көлік саны көбейеді
АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматы мәслихаты қала тұрғындары мен қонақтарына көктайғаққа байланысты үндеу жасады.
«Қазгидромет» мәліметінше, 4 қараша күні Алматыда жаңбыр жауып, кейін температура төмендейді. Ал 5 қарашада кей жерде қар жауып, көктайғақ болады. Түнде ауа температурасы −3…−5 градусқа дейін төмендейді.

Осыған байланысты билік өкілдері тұрғындарға жеке автокөлікпен емес, қоғамдық көлікпен қатынауға, әсіресе таңертең және кешкі уақытта жолға шықпауға кеңес берді.
— Қалада автобус пен троллейбус саны көбейеді, — делінген Алматы мәслихаты таратқан хабарламада.

Сонымен қатар қар тазалау жұмыстарының уақтылы жүруі үшін жүргізушілер көліктерін жол жиегіне қоймағаны жөн.
Бүгін, 2025 жылғы 4 қазанда Алматы тауларында қар жауды.
Ақ ұлпаны «Шымбұлақ» тау-шаңғы курортының камералары түсіріп алған.
Еске салайық, бұған дейін Алматыда ауа райының күрт бұзылуына байланысты коммуналдық қызметтер тәулік бойы жұмыс істеу режиміне ауысқанын хабарлаған едік.
«Алматы Тазалық» кәсіпорындарының базаларында жүргізушілер, механизаторлар мен жұмысшылар тәулік бойы кезекшілік атқарады. Қар түспей тұрып, магистральдық көшелерге алдын ала сұйық реагенттер себіледі.