Алматыда марафонға байланысты 74 қоғамдық көліктің бағыты уақытша өзгереді
АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматыда марафон шарасына байланысты 29 қыркүйек күні мегаполисте бірқатар көше жабылып, кейбір қоғамдық көліктердің жүріс бағыты уақытша өзгеред.

Осыған байланысты таңғы сағат 06:00-ден 12:30-ға дейін 74 автобустың бағыты өзгеріп, троллейбустардың қозғалысы тоқтатылады.
«Әрбір маршруттың уақытша сызбаларымен @AlmatyJoly Telegram-арнасындағы мына сілтемеге кіріп толық танысуға болады», - деп хабарлады әкімдіктен.
Марафон Республика алаңында басталып, сол жерде аяқталады. Сондықтан Сәтбаев көшесі бойымен Желтоқсан көшесінен Назарбаев даңғылына дейін екі жолақ 28 қыркүйек сағат 6:00-ден 29 қыркүйек сағат 22:00-ге дейін жабылады.
Осыған дейін мегаполисте Almaty Marathon-ға орай бірқатар көшенің жабылатыны туралы жазған едік.
Биыл халықаралық марафон 13-рет ұйымдастырылады. Оған 50 мемлекеттен келген 15 мың адам қатысады деп жоспарланған.