Алматыда Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров өз таңдауын жасады
АСТАНА. KAZINFORM — Мәнерлеп сырғанаудан 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоров Құрылтай депутаттарын сайлауға қатысты.
Қазақстан спортының жаңа буынын танытып жүрген Михаил Шайдоров Алматының Самал-2 шағынауданындағы № 382 сайлау учаскесінде дауыс берді.
Биыл спортшы мансабындағы ең биік белесті бағындырып, қысқы Олимпиада ойындарының алтын медалін жеңіп алды. Ол Олимпиада тұғырының жоғары сатысына көтеріліп, Қазақстанның көк туын желбіретті.
Айта кетелік елімізде тарихи Құрылтай сайлауы өтіп жатыр.