Құрылтай-2026: сайлау хроникасы

АСТАНА. KAZINFORM — Елімізде тарихи Құрылтай сайлауы басталды. Kazinform жылдың басты саяси додасынан мәтін трансляциясын ұсынады.

Құрылтай - 2026: сайлау хроникасы
Коллаж: Kazinform

02:24 — «Байтақ» жасылдар партиясының өңірлік филиалдарының өкілдері экзитпол қорытындысы бойынша жарияланған Құрылтай сайлауының алдын ала нәтижелеріне қатысты пікір білдірді.

01:59 — Қазақстанның Халық партиясының төрағасы Нұрсұлтан Шоқанов сайлау қорытындысына қатысты үндеу жасап, алда ел игілігі үшін ауқымды жұмыс тұрғанын айтты.

01:48 — «Ақ жол» партиясының төрағасы Дания Еспаева сайлау нәтижесіне қатысты мәлімдеме жасап, сайлау ашық әрі әділ өткенін мәлімдеді.

01:39 — Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының төрағасы Асхат Рақымжанов сайлаудың алғашқы нәтижесіне пікір білдіріп, халықтың сенім мандатына ие болғандарын алға тартты.

01:33 — «Ауыл» партиясының төрағасы Қайрат Айтуғанов сайлаудың ашық әрі ұйымдасқан түрде өткенін атап өтті.

01:25 — «Сайлау әділ өтті»: Respublica партиясы exit poll нәтижелеріне қатысты пікір айтты.

00:57 — Құрылтай сайлауы: «Әділет» партиясы халықтың қолдауына ризашылық білдірді.

00:22 — «Социс-А» Кешенді әлеуметтік зерттеулер институты Құрылтай сайлауында жүргізген Exit poll нәтижесін жариялады.

00:20 — OSI қоғамдық саясат институты Жетінші арнаның тапсырысы бойынша жүргізген экзитполдың алдын ала нәтижесін жария етті.

00:03 —  Бір палаталы Құрылтай сайлауының Еxit poll нәтижесі жарияланды.

23:30 — АҚШ-та Құрылтай сайлауы қалай өтіп жатқаны белгілі болды.

23:10 — Прагадағы қазақстандықтар Құрылтай сайлауына белсенді қатысып жатыр. Қазір Прагадағы қазақстандықтардың 80%-дан астамы дауыс беріп үлгерген.

22:45 — Ильхам Әлиев Қазақстандағы Құрылтай сайлауына қатысты құттықтауын жеткізді.

22:24 — Иорданиядағы қазақстандық студенттер сайлауға қатысудың маңызы туралы айтты.

21:41 — Бюллетень суретін желіге жариялаған 7 азаматқа айыппұл салынды.

21:27 — ІІМ: Бірде-бір сайлау учаскесінде қоғамдық тәртіпті өрескел бұзу фактісі тіркелмеді.

21:02 — Қырғызстан Республикасының Президенті Садыр Жапаров Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты және бауырлас қазақ халқын Құрылтай сайлауының сәтті өтуімен құттықтады.

20:41 — Құрылтай сайлауында сайлаушылардың 74,19%-ы дауыс берді.

20:40 — Шетелдегі дауыс беру 24 тамыздың таңына дейін жалғасады

20:22 — Қырғызстанда Құрылтай сайлауында дауыс беру аяқталды.

20:04 — Елімізде Құрылтай сайлауында дауыс беру аяқталды.

20:01 — Елде 25 мыңға жуық қоғамдық байқаушы жұмыс істеп жатыр.

19:45 — Жұлдыздар да сайлаудан тыс қалмады: Астанада танымал тұлғалар дауыс берді.

19:20 — Оралдағы сайлау учаскесінде Қыз Жібек пен Төлеген дауыс берді.

19:13 —  Шет елде жүрген 6 007 отандасымыз дауыс берді.

19:11 — Астанада Құрылтай сайлауы күні 25 сәби дүниеге келді.

18:50 — Бакуде Құрылтай сайлауы кезінде сайлаушылардың белсенділігі байқалып отыр.

18:42 — Таяу Шығыс елдерінде дауыс беру жүріп жатыр.

18:20 — The Geneva Times бас редакторы, Le Conseil Universel des Droits de l’Homme үкіметтік емес ұйымының жетекшісі Муиз Вахабадин Құрылтай сайлауын бақылау кезінде алған әсерін айтты

18:15 — Жапония, Қытай және жеті елдегі сайлау учаскелері жұмысын аяқтады.

18:12 — 18:00-дегі көрсеткіш бойынша сайлаушылардың 72,15 пайызы дауыс берді, яғни Құрылтай депутаттары сайлауында дауыс берушілер тізіміне енгізілген 9 млн-нан астам сайлаушы өз таңдауын жасап үлгерді. 

17:42 — Еуропалық сарапшы Қазақстандағы сайлаудың жаһандық контекстегі маңызын бағалады.

17:08 — Ретро стильде дауыс беру: cемейлік қыздар сайлауға ерекше образбен келді.

16:53 — Тәжікстандағы қазақстандықтар сайлауда дауыс беріп жатыр.

16:45 — Қазақстандық бишілер Қырғызстанда дауыс берді.

16:40 — Бразилия, Канада және АҚШ-тағы сайлау учаскелері өз жұмысын бастады.

16:24 — Дауыс беру нәтижелеріне ықпал етуі мүмкін бұзушылықтарды байқамадық — ТМД байқаушылары

16:15 — Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі Лондондағы қазақстандықтар қалай дауыс беріп жатқаны жайлы жазды. 

16:10 — 16:00-дегі жағдай бойынша Құрылтай сайлауында 8 млн 240 мың азамат өз таңдауын жасады. Ол тізімге енгізілген азаматтардың 65,37 пайызын құрайды.

15:57 — Қазақстандықтар Мәскеудегі Құрылтай сайлауында белсенді дауыс беріп жатыр.

15:50 — Қызылқоға ауданындағы № 147 сайлау учаскесіне бір топ келін арнайы келіп, дауыс берді.

15:45 — Сайлаудың ұйымдастырылуы да, азаматтардың белсенділігі де таңғалдырды – ТМД байқаушылары

15:40 — Қазақстандағы Құрылтай депутаттарының алғашқы сайлауын халықаралық байқаушылар да жіті қадағалап отыр. Солардың қатарында елдегі электоралдық үдеріске екінші рет қатысып отырған EU Reflect басылымының журналисі Дерья Сойсал бар. Ол Kazinform тілшісіне берген эксклюзивті сұхбатында журналист өз әсерімен бөлісті.

15:35 — ТМПА миссиясының басшысы Құрылтай сайлауын тарихи оқиға деп атады.

15:18 — Шанхай ынтымақтастық ұйымының (ШЫҰ) халықаралық байқаушылары сайлау учаскелерінде таңертеңнен кезек болғанын және қазақстандықтардың дауыс беруге белсенді қатысып жатқанын атап өтті.

15:12 — Канье Уэст пен мумия: креативті қазақстандықтар да өз таңдауын жасады.

14:48 — Шетелде 74 сайлау учаскесі ашылды.

14:16 — Шетелдік сарапшылар Құрылтай сайлауының маңызы туралы пікір білдірді.

14:10 — 14:00-дегі көрсеткіш бойынша сайлаушылардың 53,12 пайызы дауыс берді

13:45 — Филиппиндік байқаушы Қазақстандағы сайлауда ерекше инклюзивті жағдай жасалғанын атап өтті.

13:30 — Құрылтай сайлауында барлық 7 саяси партияның басшысы өз таңдауын жасады

13:00 — Елімізге танымал қарт саяхатшы Сәрсенбай Қотырашов өзінің азаматтық таңдауын жасады.

12:47 — Роман Скляр Құрылтай депутаттарының сайлауында өз таңдауын жасады.

12:42 — Қазақстанның Халық әртісі Бибігүл Төлегенова өз үйінен дауыс берді.

12:36 — Алматы облысында парашютші ұшақтан секіріп, дауыс беру учаскесіне түсті.

12:26 — Әлемнің 40-тан астам елінде Құрылтай депутаттарын сайлау учаскелері жұмыс істеп жатыр. Бұл туралы СІМ баспасөз қызметі хабарлады.

12:20 — Қазіргі реформалар алдағы саяси дамудың берік негізін қалайды — Армениядан келген байқаушы

12:20 — Олимпиада чемпионы, жеңіл атлетикадан Қазақстанның белгілі спортшысы Ольга Рыпакова Құрылтай депутаттарын сайлауда өз таңдауын жасады.

12:17 — ЕҚЫҰ-ның демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросының сайлауды бақылау миссиясының басшысы, елші Винсент Пикет Құрылтайдағы сайлаудың барысына қатысты пікір білдірді.

12:15 — Құрылтай депутаттарын сайлауында дауыс берушілер тізіміне енгізілген 4 670 816 адам таңдау жасады. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Ләззат Сүйіндік айтты.

12:09 — Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Тәуелсіздік сарайында орналасқан № 520 сайлау учаскесінде алғашқы Құрылтай депутаттарын сайлауға дауыс берді.

12:00 — Тәжікстан Республикасының Сайлау және референдум жөніндегі орталық комиссиясының төрағасы Бахтиёр Худоёрзода сайлау үдерісінен алған әсерімен бөлісті.

11:52 — Қырғызстандағы қазақстандықтар дауыс беріп жатыр.

11:40 — ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясының халықаралық байқаушылары Қазақстандағы алғашқы Құрылтай сайлауының жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын және азаматтардың белсенділігін атап өтті.

11:40 — «Ақ жол» демократиялық партиясының төрағасы Дания Еспаева Құрылтай сайлауында дауыс берді

11:28 —  Брюссельде Қазақстан елшілігі жанынан құрылған № 405 сайлау учаскесіне дауыс беруге келген алғашқы сайлаушылар шашу шашты.

11:15 — Қытайдағы қазақстандықтар дауыс беруге белсенді қатысып жатыр.

11:00 — Осы сәтке дейін еліміздің 10 министрі Құрылтай сайлауында дауыс берді.

10:55 — Бүгін Құрылтай депутаттарының сайлауында Ерлан Қошанов та өз таңдауын жасады.

10:53 — Үш дүркін әлем чемпионы Назым Қызайбай сайлауда дауыс берді

10:48 — Алматыда Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров өз таңдауын жасады.

10:40 — Құрылтай сайлуында Ресейдегі Қазақстан азаматтары да дауыс беріп жатыр.

10:33 — Respublica партиясының төрағасы Айдарбек Қожаназаров Құрылтай сайлауында өз таңдауын жасады.

10:14 — ОСК алғашқы аралық қорытындыны жариялады, сағат 10:00–дегі жағдай бойынша сайлаушылардың 17,96 пайызы дауыс берді

10:11 — ЖСДП төрағасы Асхат Рахымжанов дауыс берді.

10:10 — Грузиядан келген халықаралық байқаушы алғашқы Құрылтай сайлауының ұйымдастыру деңгейін жоғары бағалады.

10:00 — «Байтақ» партиясының төрағасы Азаматхан Әміртаев Құрылтай сайлауында дауыс берді.

09:57 — Алматыда Құрылтай есімді екі тұрғын дауыс беруге келді.

09:53 — Аида Балаева Құрылтай сайлауында дауыс берді.

09:46 — Қызылордада сайлаушыларды робот қарсы алды.

09:46 — Бас прокурор Берік Асылов Құрылтай сайлауында дауыс берді.

09:35 — Елімізде өтіп жатқан Құрылтай депутаттарын сайлауға Үкімет мүшелері де белсенді қатысып жатыр.

09:21 — Қазақстан Халық партиясының (ҚХП) төрағасы Нұрсұлтан Шоқанов дауыс берді.

09:20 — «Ауыл» партиясының төрағасы Қайрат Айтуғанов Құрылтай сайлауында дауыс берді.

09:02 — Құрылтай сайлауына дауыс беруші ұлар құсының бейнесінде келді.

08:59 — Дауыс берушілер легі артып, сайлау учаскелеріне келушілер көбейіп келеді.

08:50 — «Әділет» партиясының төрағасы Айбек Дәдебай тарихи Құрылтай сайлауында дауыс берді.

08:44 — Олжас Бектенов Құрылтай депутаттарының сайлауында дауыс берді.

08:31 — Қазақстандықтар таң сәріден жаппай дауыс беруге келіп жатыр.

08:18 — 11 мыңнан астам отандасымыз шет елде дауыс береді. Қазіргі уақыттың олардың 228-і таңдау жасап үлгерді.

08:10 — Ұлытау облысының 116 жастағы тұрғыны дауыс берді.

07:54 — Сенаттың соңғы төрағасы Мәулен Әшімбаев Астанадағы Ұлттық академиялық кітапханада орналасқан № 129 сайлау учаскесінде Құрылтай сайлауында дауыс берді.

07:44 — Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Ерлан Қарин Астанадағы Ұлттық академиялық кітапханада орналасқан № 129 сайлау учаскесінде Құрылтай сайлауына дауыс берді.

07:27 — Еліміз бойынша 10 363 сайлау учаскесінде дауыс беру жүріп жатыр. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Мұхтар Ерман мәлім етті.

07:00 — Қазақстанда алғашқы Құрылтай депутаттарының сайлауына дауыс беру басталды. Сайлау күні ел аумағында және шетелдегі Қазақстан өкілдіктерінде барлығы 10 423 сайлау учаскесі жұмыс істейді. 

06:53 — Құрылтай сайлауында дауыс беруге ҚР ІІМ Ұлттық ұланының әскери қызметшілері белсенді қатысып жатыр. 

06:39 — Қостанайдағы ҚР Ұлттық ұланының 6697 әскери бөлімінде орналасқан № 27 сайлау учаскесінде 300-ден астам әскери қызметші дауыс беруді бастады. Учаскедегі сайлаушылардың 40 пайыздан астамы алғаш рет дауыс берді.

05:50 — Сингапур, Индонезия және Вьетнамда Құрылтай сайлауына дауыс беру басталды.

04:37 — Малайзиядағы сайлау учаскесі өз жұмысын бастады.

04:19 — Қытайда Құрылтай сайлауына арналған учаскелер жұмысын салтанатты түрде бастады. Сайлау учаскелері Қазақстанның Бейжіңдегі елшілігінде, сондай-ақ Шанхай, Сиань және Гонконгтағы ҚР бас консулдықтарында ашылды.

04:02 — Ал Токиодағы сайлау учаскесінде алғашқылардың бірі болып отандасымыз Әлішер Әзімбаев дауыс берді. Ол қазақ қоғамындағы әділеттілік, заңдылық пен даналықтың символы — би бейнесінде келді.

03:26 — Жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00–де (Астана уақытымен 03:00) Сеул (Оңтүстік Корея) мен Токиода (Жапония) сайлау учаскелері ашылды. Сеулдегі сайлау учаскесінде алғашқылардың бірі болып Корея университетінің студенті Ажар Кәрімжанова өз таңдауын жасады.

Бүгін еліміздің барлық өңірінде Құрылтай депутаттарын сайлау басталды. Дауыс беру 10 423 сайлау учаскесінде өтеді. Еске салсақ, биыл 1 шілдеде Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасы Құрылтайының сайлауын тағайындау туралы» Жарлыққа қол қойды

ҚР Орталық сайлау комиссиясы Құрылтай сайлауына қатысатын «Әділет», ЖСДП, «Байтақ», ҚХП, «Ауыл» партиясы, «Ақ жол» және Respublica партиясының тізімдерін тіркеді. 145 депутаттық мандатқа 545 кандидат үміткер болып отыр.