Сингапур, Индонезия және Вьетнамда Құрылтай сайлауына дауыс беру басталды
АСТАНА. KAZINFORM — Шетелдегі учаскелерде Құрылтай депутаттарын сайлау жалғасып жатыр. Келесі болып Сингапур, Индонезия және Вьетнамда жүрген Қазақстан азаматтары дауыс беруді бастады, деп хабарлайды Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.
Аталған елдердегі сайлау учаскелері Қазақстанның дипломатиялық өкілдіктері аумағында ашылды.
Бұған дейін Оңтүстік Корея мен Жапонияда Құрылтай сайлауына арналған учаскелер ашылды.
Одар әрі сайлау учаскелер Қазақстанның Бейжіңдегі елшілігінде, сондай-ақ Шанхай, Сиань және Гонконгтағы ҚР бас консулдықтарында ашылып, қазақстандықтар дауыс беруді бастап кетті.