Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Дауыс беру 10 363 учаскеде жүріп жатыр

АСТАНА. KAZINFORM – Еліміз бойынша 10 363 сайлау учаскесінде дауыс беру жүріп жатыр. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Мұхтар Ерман мәлім етті.

ОСК
Фото: Виктор Федюнин / Kazinform

- Орталық сайлау комиссиясы Астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың аумақтық сайлау комиссиялары ұсынған ақпаратқа сәйкес сағат 07:00-дегі жағдай бойынша өңірлерде 10 363 сайлау учаскесі дауыс беруге кіріскенін хабарлайды. Сондай-ақ шет мемлекеттерде 19 сайлау учаскесінде дауыс беру басталды. Сонымен, ел тарихындағы алғашқы Құрылтай депутаттарын сайлау басталды, - деді ол.

Мұұхтар Ерманның мәліметінше, 107 учаскеде дауыс беру таңғы сағат 06:00-ден бастан жүріп жатыр.

- Сайлаушылар тізіміне 12 605 788 адам енгізілген. Олардың 17 132-сі дауыс беру құқығын беретіне есептен шығару куәліктерін алды. Барлығы 10 423 сайлау учаскесі бар. Оның ішінде 61 шет мемлекетте 79 учаске. 1 сағаттан кейін Сыртқы істер министрлігінің шетелдегі учаскелердің ашылуы туралы ақпараты ұсынылады, - деді Мұхтар Ерман.

Құрылтай сайлауына қатысты барлық жаңалықпен мына сілтемеге  өтіп оқи аласыздар. Елімізде тарихи Құрылтай сайлауында 145 депутаттық мандатқа «Әділет», ЖСДП, «Байтақ», ҚХП, «Ауыл» партиясы, «Ақ жол» және Respublica — барлығы 7 партиядан 545 кандидат тіркелген.