Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Қытайдағы қазақстандықтар дауыс беруге белсенді қатысып жатыр

АСТАНА. KAZINFORM —  Дәл қазір әлемнің 61 елінде 79 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр. Соның ішінде Қытайдағы қазақстандықтардың дауыс беруге белсенділігі жоғары. 

Қытайдағы қазақстандықтар дауыс беруге белсенді қатысып жатыр
Фото: видеодан алынғын скрин

Онлайн марафон барысында журналист Әйгерім Тұран Қытайдың Бейжің қаласынан тікелей байланысқа шықты. Оның айтуынша, бұл елде қазақстандық жастардың үлесі басым. Қазір Қытайда 6 мыңнан астам қазақстандық студент білім алып жүр.

Бүкіл Қытай аумағында төрт сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр. Олар Бейжің, Гонконг, Сиань және Шанхай қалаларында орналасқан. 

Айта кетелік шетелде жүрген 228 отандасымыз дауыс берген еді. Бүгін сағат 10:00-зе дейін сайлаушылардың 17,96 пайызы бюллетень алып үлгергені туралы жазған едік