Бюллетень суретін желіге жариялаған 7 азаматқа айыппұл салынды

АСТАНА. KAZINFORM — Бұл туралы жалпыұлттық онлайн-марафон аясында Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде Бас прокуратураның бас прокурор аппаратының БАҚ мониторингі және жұртшылықпен байланыс басқармасының бастығы Ерлан Жанпейісов айтты.

бюллетень голосование
Фото: Александр Павский/Kazinform

Оның сөзінше, дауыс беру процесі тыныш жағдайда өтті. Сайлау комиссиялары тарапынан ешқандай құқықбұзушылықтар белгіленбеді.

— Дауыс беру аяқталғанға дейін бүгін Астана, Алматы, Шымкент, Орал және Қостанай қалаларында прокурорлар қысқартылған тәртіппен 7 азаматты айыппұлға тартты. Олардың барлығы толтырылған бюллетень суреттерін таратуға байланысты болды, — деді ол.

Осыдан бұрын хабарланғандай, 20:00-дегі жағдай бойынша Құрылтай депутаттарын сайлауында дауыс берушілер тізіміне енгізілген 9 млн 350 мыңнан астам сайлаушы дауыс берді