Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Аида Балаева Құрылтай сайлауында дауыс берді

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстан Республикасы премьер-министрдің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Құрылтай сайлауында өз таңдауын жасады.

Аида Балаева
Фото: Ақбота Күзекбай

Аида Балаева Астанадағы Ұлттық академиялық кітапхана ғимаратында орналасқан сайлау учаскесінде дауыс берді.

– Біз алғаш рет Халықтық Конституция аясында қалыптасатын бір палаталы Құрылтайдың қалыптасуына өз үлесімізді қосып жатырмыз. Әр партия өз белсенділігін көрсетті. Бүгін сайлау учаскелеріне келген әр азамат өз таңдауын жасайды. Өйткені бұл – елдің болашағы, мемлекетіміздің болашағы, – деді Аида Балаева.

Оның айтуынша, азаматтардың өз болашағын айқындау процесіне тікелей қатысу үлкен мүмкіндік.

– Біз бақытты халықпыз. Өйткені өз болашағымызды айқындауға, өз болашағымыздың қалыптасуына үлес қосуға мүмкіндігіміз бар. Сондықтан ертең қалыптасатын Құрылтай халықтық Конституцияда белгіленген барлық басымдықтар мен жаңа басым бағыттардың жүзеге асуына атсалысады деп сенемін, – деді министр.

Бұған дейін Қазақстан Халық партиясының (ҚХП) төрағасы Нұрсұлтан Шоқанов Ұлттық академиялық кітапхана ғимаратында орналасқан Құрылтай сайлау учаскесінде дауыс берді.