Халықтың сенім мандатына ие болдық — ЖСДП
АСТАНА. KAZINFORM — Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының төрағасы Асхат Рақымжанов сайлаудың алғашқы нәтижесіне пікір білдірді.
Экзитпол нәтижесі бойынша ЖСДП Қазақстан Республикасы Құрылтайының алғашқы сайлауында сайлаушылардың 5% аса қолдауына ие болды.
Алғашқы болжамды нәтижеге байланысты ЖСДП төрағасы Асхат Рақымжанов, партияға сенім артқан барша қазақстандықтарға, сондай-ақ бүкіл сайлау науқаны бойы партияластармен бірге болған белсенділер мен еріктілерге шынайы алғысын білдірді.
— Біз халықтың сенім мандатына ие болдық. Бұл — үлкен жауапкершілік, — деді Асхат Рақымжанов.
Бұған дейін «Әділет» партиясының төрағасы Айбек Дәдебай сайлау қорытындысы бойынша сайлаушыларға үндеу жасады.
Сондай-ақ Respublica партиясы exit poll нәтижелеріне қатысты пікір білдірді.
«Ауыл» партиясының төрағасы Қайрат Айтуғанов сайлаудың ашық әрі ұйымдасқан түрде өткенін атап өтті.