Құрылтай сайлауы: Токиода отандасымыз би бейнесінде дауыс берді
АСТАНА. KAZINFORM — Токиодағы сайлау учаскесінде алғашқылардың бірі болып отандасымыз Әлішер Әзімбаев дауыс берді, ол қазақ қоғамындағы әділеттілік, заңдылық пен даналықтың символы — би бейнесінде келді, деп жазады СІМ баспасөз қызметі.
Цукуба университетінде «Мемлекеттік саясат» мамандығы бойынша оқитын Әлішер қазақ халқының тарихи дәстүрлерін Қазақстанның жас буынының заманауи ұмтылыстарымен символдық түрде ұштастырды.
Ол құрылтай тарихи тұрғыдан Ұлттық жиналыс болғанын, онда ел тағдырын айқындайтын маңызды шешімдер қабылданғанын атап өтті.
— Менің ойымша, жаңадан құрылған Құрылтай бұл дәстүрді халықпен өзара іс — қимылда мемлекеттік маңызы бар мәселелерді шешуге арналған қазіргі заманғы саяси институт ретінде жалғастырады, — деп атап өтті ол.
Айта кетейік, Құрылтай сайлауында алғаш болып Сеулдегі қазақстандық студент дауыс берді.