Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Құрылтайға тарихи сайлау: қазақстандықтар таң сәріден жаппай дауыс беруге келіп жатыр

АСТАНА. KAZINFORM — Бүгін, 23 тамызда, Қазақстан өз тарихында алғаш рет Құрылтай депутаттарын сайлап жатыр. 

Құрылтайға тарихи сайлау: қазақстандықтар таң сәріден жаппай дауыс беруге келіп жатыр
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Дауыс беру таңғы сағат 07:00-ден басталып, 20:00-ге дейін жалғасады. Алғашқы сағаттардың өзі жексенбінің таңына тән мамыражай тыныштықтың бұл жолы сайлау учаскелерінде байқалмағанын аңғартты.

Құрылтайға тарихи сайлау: қазақстандықтар таң сәріден жаппай дауыс беруге келіп жатыр
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Есіктер ашыла салысымен сайлаушылар сайлау комиссияларының үстелдеріне қарай ағылып, кейбір учаскелерде бірден кезек қалыптасты. Таңнан-ақ бүгінгі күннің айрықша тынысы сезіледі. 

Дауыс беруге жұрт жеке-жеке де, отбасымен де, тұтас еңбе кұжымдарымен де келіп жатыр. Қазақстан үшін бұл жексенбі дауыс беру фактісінің өзімен-ақ тарихи күнге айналды: ел азаматтары алғаш рет жаңа өкілді орган –тұңғыш Құрылтайдың құрамын жасақтауда. 

Құрылтайға тарихи сайлау: қазақстандықтар таң сәріден жаппай дауыс беруге келіп жатыр
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі