Қазақстандық бишілер Қырғызстанда дауыс берді
АСТАНА.KAZINFORM — Екі қазақстандық би тобы Қырғызстандағы Қазақстан Республикасы елшілігіндегі сайлау учаскесіне барып, Құрылтай сайлауында дауыс берді.
Е.Рахмадиев атындағы мемлекеттік филармонияның «Әлем» заманауи би театры мен «Наз» мемлекеттік би театрының бишілері VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысу үшін Бішкекке барған.
— Біз бүгін таңертеңнен бері ұйықтаған жоқпыз. Қай жерде болсақ та, сайлау күні елімізді қолдауды шештік. Құрылтай бізге жақсылық әкелсін, — деді «Наз» би театрының директоры Айдана Байрабекова.
Жастар қауымдастығының өкілі және «Наз» мемлекеттік би театрының әртісі Гүлдана Қадырова дауыс беруге не үшін келгенін түсіндірді.
— Басқа елде болғанымызға қарамастан, біз халқымыз бен еліміз үшін дауыс беруді шештік. Әрбір қазақстандықтың дауысы маңызды. Біз өз үлесімізді қосу үшін сайлау учаскесіне келдік, — деді ол.
Әлемнің 40-тан астам елінде Құрылтай депутаттарын сайлау учаскелері жұмыс істеп жатыр.
Бельгиядағы сайлау учаскесінде шашу шашылды.