Бельгиядағы сайлау учаскесінде сайлаушылар шашу шашты
АСТАНА.KAZINFORM — Брюссельде Құрылтай сайлауына байланысты Қазақстан елшілігі жанынан № 405 сайлау учаскесі құрылды, деп хабарлайды агенттіктің Брюссельдегі тілшісі.
Сайлау учаскесі Бельгия мен Люксембургте тұратын 100-ге жуық Қазақстан азаматын қабылдайды. Олардың арасында қазақстандық дипломаттар мен олардың отбасы мүшелері, еуропалық мекемелерде аккредиттелген журналистер, шығармашылық интеллигенция өкілдері, академиялық орта, бизнес және студенттер бар.
Сайлау учаскесі орталық Еуропа уақыты бойынша сағат 7:00-де ашылды. Дауыс беруге келген алғашқы сайлаушылар шашу шашты. Бұл рәсім қуанышты, ізгі тілекті және іс-шараның бүкіл ел үшін маңыздылығын білдіреді.
Сайлау заңнамасына сәйкес, Брюссельде дауыс беру Орталық Еуропа уақыты бойынша сағат 20:00–ге дейін жалғасады. Бельгия мен Люксембургте тұрақты тұратын немесе уақытша тұратын қазақстандықтар келесі сайлау учаскелерінде дауыс бере алады: Брюссель, Уккель коммунасы, Ван Бевер даңғылы, 30-ғимарат.
Айта кетелік шетелде жүрген 228 отандасымыз дауыс берген еді.