Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Ретро стильдегі дауыс: cемейлік қыздар сайлауға ерекше образбен келді

СЕМЕЙ. KAZINFORM — Семей қаласының тұрғындары Еркежан Сағимоллаева мен Еркежан Тұрлыбек сайлау учаскесіне ретро стильдегі киім үлгісімен келіп, өз таңдауларын жасады.

Ретро стильдегі дауыс: cемейлік қыздар сайлауға ерекше образбен келді
Фото: Cемей қаласы ішкі саясат бөлімі

Олардың айтуынша, Семей — тарихы терең, мәдени мұрасы бай қала. Сондықтан олар дауыс беру күніне ерекше мән беріп, қаланың тарихи келбетін ретро образ арқылы көрсетуді жөн санаған.

Фото: Cемей қаласы ішкі саясат бөлімі
Фото: Cемей қаласы ішкі саясат бөлімі

— Семей — тарихы бай қала. Қаламыздың өткенін, ерекше атмосферасын жақсы көреміз. Сондықтан бүгінгі дауыс беру күніне ретро стильде келуді жөн көрдік. Бұл біз үшін жай ғана образ емес, туған қаламыздың тарихына деген құрмет. Әр азамат сайлауға қатысып, өз таңдауын жасауы керек деп ойлаймыз, — деді Еркежан Сағимоллаева.

Семей
Фото: Cемей қаласы ішкі саясат бөлімі

Айта кетейік, Еркежан Тұрлыбек бүгін алғаш рет дауыс берді.

Ретро стильдегі дауыс: cемейлік қыздар сайлауға ерекше образбен келді
Фото: Cемей қаласы ішкі саясат бөлімі

Сайлау күні семейліктер азаматтық белсенділік танытып қана қоймай, шығармашылық көзқарастарымен де ерекшеленуде.