Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Елімізде Құрылтай сайлауында дауыс беру аяқталды

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстанда Құрылтай депутаттарын сайлау бойынша дауыс беру аяқталды. Жергілікті уақыт бойынша сағат 20:00-де ел аумағындағы сайлау учаскелері жабылып, комиссиялар дауыстарды санауға кірісті.

Құрылтай 2026
Коллаж: Kazinform / ЖИ

Еліміздің барлық өңірінде Құрылтай депутаттарын сайлау 07:00-де басталды. Дауыс беру 10 423 сайлау учаскесінде өтті.

Астана уақытымен 03:00 Оңтүстік Корея астанасы Сеул мен Жапония астанасы Токиода (жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00–де) сайлау учаскелері ашылды. Сеулдегі сайлау учаскесінде алғашқылардың бірі болып Корея университетінің студенті Ажар Кәрімжанова өз таңдауын жасады.

Еске салсақ, биыл 1 шілдеде Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасы Құрылтайының сайлауын тағайындау туралы» Жарлыққа қол қойды.

ҚР Орталық сайлау комиссиясы Құрылтай сайлауына қатысатын «Әділет», ЖСДП, «Байтақ», ҚХП, «Ауыл» партиясы, «Ақ жол» және Respublica партиясының тізімдерін тіркеді. 145 депутаттық мандатқа 545 кандидат үміткер болып отыр.