11:10, 12 Қараша 2025 | GMT +5
Алматыда Оңғарсынова көшесі екі күнге жабылады
АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматыда жөндеу жұмыстарына байланысты Оңғарсынова көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады
Атап айтқанда, 12 қараша сағат 13:00–ден 13 қараша сағат 23:00–ге дейін Мөңке би көшесінен Т. Рысқұлов даңғылы аралығындағы жол аймағы жабылады.
Алматы әкімдігінің мәліметінше, жөндеу жүргізілетін учаскеде ескерту белгілері, мердігер ұйым басшысының байланыс деректері көрсетілген тақтайшалар орнатылады.
— Маршрутыңызды алдын ала жоспарлауды сұраймыз, — делінген хабарламада.
Еске салайық, бұған дейін Алматының Желтоқсан көшесімен екі бағытта жаңа автобус бағыттары жүретінін хабарлағанбыз.