Алматыда опырылған жолдан кейін техникалық қадағалау компаниясы аккредиттеуден айырылды

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматының қала құрылысын бақылау басқармасы Яссауи және Дастан көшелерінің қиылысында опырылған асфальттан соң Достық шағынауданында инженерлік желілердің құрылыс нысандарына жоспардан тыс тексеріс жүргізді. 

Алматыда опырылған жолдан кейін техникалық қадағалау компаниясы аккредиттеуден айырылды
Фото: Алматы әкімдігі

— Техникалық қадағалау функцияларын жүзеге асырған «Алатау сапа құрылыс» ЖШС-не тиісті бақылау жүргізбегені үшін әкімшілік шаралар қолданылды. Тексеріс қорытындысы бойынша техникалық қадағалау өзіне қатысты қызметті дұрыс атқармағаны үшін аккредиттелу туралы куәлігінен айырылды, — деп хабарлады басқарма.

Алматыда опырылған жолдан кейін техникалық қадағалау компаниясы аккредиттеуден айырылды
Фото: Алматы әкімдігі

Бұдан басқа, мердігер ұйым — «СПЕЦКОММУНСТРОЙ» ЖШС-не қатысты жобалық шешімдерден ауытқу және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтердің талаптарын сақтамағаны үшін анықталған бұзушылықтарды жоюға нұсқама бере отырып, әкімшілік шаралар қабылданды.

Алматыда опырылған жолдан кейін техникалық қадағалау компаниясы аккредиттеуден айырылды
Фото: Алматы әкімдігі

Мұның алдында Әбіш Кекілбайұлы көшесінде кәріз желісін қайта жаңартуды жүргізген AsiaMax құрылыс компаниясының лицензиясынан айырылғаны туралы хабарлағанбыз.

Еске салайық, бұған дейін Алматы әкімі Дархан Сатыбалды жол төсемінің шөгуі және жекелеген учаскелерде жиектастың негізсіз ауыстырылуына байланысты Әуезов және Медеу аудандарының әкімдеріне қатаң сөгіс жариялаған еді.

Соңғы жаңалықтар