Алматыда пойызда 52 адам уланды: екі бала жансақтау бөлімінде жатыр

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматы-2 теміржол вокзалында адамдар табиғи газдан уланды.

Поезд здоровья  Медицинский Поезд «Саламатты Қазақстан» пойызы
Фото: Александр Павский/ Kazinform

ҚТЖ мәліметінше, пойыз «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның қарауында емес. Бұл құрам жеке меншік тасымалдаушыға тиесілі болып шықты.

– Вагондар киностудияға түсірілім жүргізу мақсатында берілген. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын тиісті органдар анықтап жатыр, - делінген хабарламада.

Ал Алматы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, оқиға орнына 13 жедел жәрдем бригадасы жіберілген. Барлығы 52 адам, оның ішінде балалар да зардап шеккен. Олар қаладағы медициналық мекемелердің қабылдау бөлімдеріне жеткізіліп, толық тексеруден өтті. 

Медициналық қызмет өкілдері 10 баланың ауруханаға жатқызылғанын хабарлады. Соның ішінде екеуі жансақтау бөлімінде, қалғаны профильді бөлімшелерде ем алып жатыр. Басқа науқастар алғашқы көмек көрсетілгеннен кейін амбулаторлық бақылауға жіберілген.

– Ауруханаға жеткізілгендердің жағдайы дәрігерлердің бақылауында. Барлық науқас қажетті медициналық көмекпен толық қамтамасыз етілген, - деп хабарлады ведомство.

Еске салайық, бұған дейін Түркістан облысында бір отбасынан жеті адам иіс тиіп уланғанын хабарлағанбыз.

Соңғы жаңалықтар