Алматыда Президент резиденциясы орнындағы жаңа саябақ қалай түрленді

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматыда Президент резиденциясы орнындағы саябақ техникалық түрде ашылды.

Алматыда Президент резиденциясы орнындағы жаңа саябақ қалай түрленді
Фото: Александр Павский/ Kazinform

Сквер Назарбаев даңғылы мен Ганди көшесінің қиылысында орналасқан. Алматы әкімдігінің мәліметінше, ресми ашылуы қараша айының басына жоспарланған.

Алматыда Президент резиденциясы орнындағы жаңа саябақ қалай түрленді
Фото: Александр Павский/ Kazinform

Қазір сквер аумағында серуендеуге және жүгіруге арналған жол, демалыс аймағы, жарықтандыру және автоматты суару жүйесі орнатылған. Сондай-ақ 300-ден астам ағаш пен 1500 бұта егілді.

Алматыда Президент резиденциясы орнындағы жаңа саябақ қалай түрленді
Фото: Александр Павский/ Kazinform

- Жоба қаланың орталық бөлігін көркейту бағдарламасы аясында тұрғындар үшін қолайлы және жасыл демалыс аймағын құру мақсатында жүзеге асырылды, - деп хабарлады әкімдіктен.

Алматыда Президент резиденциясы орнындағы жаңа саябақ қалай түрленді
Фото: Александр Павский/ Kazinform

Сквер аумағында көлемді тоған салынған. Ол қыста мұз айдыны ретінде пайдаланылады. Одан бөлек бұрын ғимарат аумағын қоршап тұрған темір қоршаулардың бір бөлігі алынып тасталды. Тек әкімдік ғимараты жағындағы қоршау әзірге сақталған.

Алматыда Президент резиденциясы орнындағы жаңа саябақ қалай түрленді
Фото: Александр Павский/ Kazinform

Саябақтың ерекше тұсы - өртенген резиденцияның бір қабырғасы өз орнында қалдырылды. Ол әйнекпен қоршалған. Бұрынғы ғимараттың қабырғасы 2022 жылы болған Қаңтар оқиғасын еске салады.

Алматыда Президент резиденциясы орнындағы жаңа саябақ қалай түрленді
Фото: Александр Павский/ Kazinform

Нысан жақында ғана қолданысқа берілсе де, онда серуендеп жүрген алматылықтардың қарасы көп. Әлеуметтік желіде қала тұрғындары скверді әйгілі Нью-Йорктің Орталық саябағына ұқсатып жатыр.

Еске салайық, 2022 жылы 5 қаңтар күні Президент резиденциясын бір топ адам басып алып, өртеп жіберді. Сондықтан Мемлекет басшысының шешімімен бұл ғимарат сүріліп, оның орнына саябақ салынатыны хабарланды.

Алматыда Президент резиденциясы орнындағы жаңа саябақ қалай түрленді
Фото: Александр Павский/ Kazinform

2022 жылы наурыз айында Алматыдағы Президент резиденциясы тарихи ескерткіштер тізімінен алынып тасталды.

Саябақ құрылысына мемлекеттік бюджет пен жеке инвесторлар қаржысы жұмсалды. Демеушілер қайтарымсыз негізде 2,2 млрд теңге бөлді.

Алматыда Президент резиденциясы орнындағы жаңа саябақ қалай түрленді
Фото: Александр Павский/ Kazinform

Бұған дейін Президент резиденциясының орнындағы жаңа саябақ қандай болатынын жазғанбыз.

Алматыда Президент резиденциясы орнындағы жаңа саябақ қалай түрленді
Фото: Александр Павский/ Kazinform
Алматыда Президент резиденциясы орнындағы жаңа саябақ қалай түрленді
Фото: Александр Павский/ Kazinform
Алматыда Президент резиденциясы орнындағы жаңа саябақ қалай түрленді
Фото: Александр Павский/ Kazinform
Соңғы жаңалықтар