Алматыдағы Президент резиденциясы сүріліп, орнына саябақ салынады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыдағы Президенттің қызметтік резиденциясы сүрілетін болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматыдағы Президент резиденциясы сүріліп, орнына саябақ салынады

Бұл жайында Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлім етті.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шешімімен қаңтар оқиғасы кезінде бұзақылар мен лаңкестер өртеп, қиратқан Алматы қаласындағы Президенттің қызметтік резиденциясы сүрілетін болды. Оның орнына қала тұрғындары үшін саябақ салынады» деп жазды Берік Уәли Facebook парақшасында.