Алматыда саябақтағы аттракционнан құлаған әйелге қатысты прокурорлар іс қозғады

Алматыда саябақтағы аттракционнан әйел құлап кетті: прокурорлар іс қозғады
Фото: Александр Павский / Kazinform

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматыдағы Орталық мәдениет және демалыс саябағындағы әйелдің өліміне қатысты Алматы облысының прокуратурасы қылмыстық іс қозғады. 

Бұған дейін Алматыда айналмалы шеңберден құлап мерт болған жас келіншек, өз-өзіне қол жұмсамас бұрын кішкентай қызын өлтіргені туралы жазған едік. Осыған байланысты Алматы облысының прокуратурасы түсінік берді. 

«Қыздың өліміне байланысты ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта деректі тергеудің толықтығы, жан-жақтылығы және объективтілігін қамтамасыз ету үшін барлық қажетті тергеу шарасы жүргізіліп жатыр. Тергеу мүддесіне қатысты басқа мәліметтер ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес жарияланбайды», - деп хабарлады Алматы облысының прокуратурасы.

Еске салайық, 24 маусым күні саябақта әйел суицид жасады.  

Соңғы жаңалықтар