Алматыда сайлау күні 60 сәби дүниеге келді
АЛМАТЫ. KAZINFORM – Құрылтай депутаттарының сайлауы өткен 23 тамызда Алматы перзентханаларында 60 сәби дүниеге келді.
Алматы әкімдігінің мәліметінше, сағат 00:00-ден 19:00-ге дейінгі мәлімет бойынша 30 қыз бен 30 ұл өмірге келген. Бұл күні Алматы қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына қарасты перзентханалар мен басқа да медициналық ұйымдардың пациенттері мен қызметкерлері де азаматтық құқығын пайдаланып, дауыс берді.
- 23 тамыз көптеген отбасы үшін айрықша күнге айналды. Бұл күн олардың жадында ел өміріндегі маңызды қоғамдық-саяси оқиғамен ғана емес, сәбилерінің дүниеге келуімен де есте қалмақ, - деп хабарлады әкімдіктен.
Еске салайық, Астанада Құрылтай сайлауы күні 25 сәби дүниеге келді.
Сондай-ақ Құрылтай сайлауы бойынша алғашқы Еxit poll нәтижесі белгілі болды.