Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Алматыда SOS батырмасы бар алғашқы телемедициналық модуль іске қосылды

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматыда жақында ашылған Flow park саябағында тәулік бойы жұмыс істейтін модульдік алғашқы медициналық көмек көрсету пункті орнатылды.

а
Фото: Алматы әкімдігі

Алматы қаласының цифрландыру басқармасының мәліметінше, өзін жайсыз сезінген немесе жарақат алған жағдайда тұрғын SOS батырмасын басып, жедел медициналық жәрдем диспетчерімен бірден байланыса алады. Медицина қызметкері модульді қашықтан ашып, аудио және бейнебайланыс арқылы адамның жағдайын бағалайды әрі жедел жәрдем бригадасы келгенге дейін қажетті нұсқау береді.

Өлшемі 2×2,5 метр болатын пункттің ішінде дефибриллятор, жарақаттарды алғашқы өңдеуге арналған құралдар, жедел коронарлық синдром кезінде көмек көрсетуге арналған медициналық жиынтық, брезент көрпе және тот баспайтын болаттан жасалған медициналық кушетка орналастырылған.

в
Фото: Алматы әкімдігі

Сондай-ақ нысан үздіксіз интернетпен, 360 градус шолу мүмкіндігі бар сыртқы бейнебақылау камерасымен, ішкі камералармен, ақпараттық дисплеймен және қашықтан басқарылатын телемедициналық кешенмен жабдықталған.

- Диспетчер нақты уақыт режимінде жабдықтар мен алғашқы көмек көрсету құралдарын пайдалану тәртібін түсіндіріп отыра алады. Модульдің құрылымы түрлі ауа райы жағдайына төзімділігі жоғары HPL-панельдер мен тот баспайтын болаттан жасалған, - деп хабарлады әкімдіктен.

Еске салайық, жүктілікке байланысты әлеуметтік төлемді рәсімдеуде қандай қателіктер жиі кездесетінін жазғанбыз.