Алматыда сот орындаушысының әрекетінен 35,6 млн теңге шығын келген

АСТАНА. KAZINFORM — Алматы қаласында жеке сот орындаушысы мүлікке салынған тыйымды заңсыз алып тастағаны үшін сотталды, деп хабарлайды Алматы қаласы Наурызбай аудандық прокуратурасының баспасөз қызметі.

СҚО-да сот орындаушылар 133,5 млн теңге табысты жасырған
Фото: gov.kz

Анықталғандай, сот орындаушысы борышкердің банк шотына бұрын салынған тыйымды заңсыз алып тастаған, бұл шотта берешекті өтеуге жеткілікті қаражат болған.
Осының салдарынан өндіріп алушыға 35,6 млн теңге көлемінде материалдық залал келтірілді.

— Наурызбай аудандық сотының үкімімен жеке сот орындаушысы ҚР Қылмыстық кодексінің 251-бабы (жеке сот орындаушысының өкілеттігін теріс пайдалану) бойынша кінәлі деп танылып, оған 2000 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды, сондай-ақ сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығынан айырылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ, — делінген хабарламада.

Осыған дейін сот орындаушы роботтардың арқасында Жамбыл облысының тұрғындары 140 млн теңгесін үнемдеді.