Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Алматыда тағы бір заңсыз салынған қосымша құрылыс бұзылып жатыр

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматыда қала құрылысын бақылау басқармасының өкілдері Розыбакиев көшесі, 249/1 мекенжайындағы қосалқы салынған нысанды бұзу жұмыстарының басталғанын айтты.

Алматыда тағы бір заңсыз салынған қосымша құрылыс бұзылып жатыр
Фото: Алматы әкімдігі

Ведомствоның мәліметінше, жоспардан тыс тексеру барысында меншік иесінің нысанды рұқсатсыз салғаны анықталды.

— Меншік иесіне қатысты әкімшілік шаралар қабылданып, анықталған заң бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді. Кейін материалдар сотқа жолданды, — делінген хабарламада.

Алматыда тағы бір заңсыз салынған қосымша құрылыс бұзылып жатыр
Фото: Алматы әкімдігі

Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі соттың қаулысына сәйкес, бұл қосалқы құрылысты бұзу керек.

Алматыда тағы бір заңсыз салынған қосымша құрылыс бұзылып жатыр
Фото: Алматы әкімдігі

Бүгін, 2026 жылғы 17 шілдеде қалалық әділет департаменті сот орындаушыларының қатысуымен нысанды бұзу жұмыстары басталды.

Еске салайық, бұған дейін Алматыда заңсыз салынған «Береке» базары бұзылғанын хабарлағанбыз.