Алматыда тоғыз автобустың қозғалыс сызбасы уақытша өзгереді
АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматыда жол жөндеу және құрылыс жұмыстарына байланысты тоғыз автобус маршрутының қозғалыс сызбасы уақытша өзгереді.
Жаңартылған маршруттар 15 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.
Бекешев көшесінде (Әбділдин көшесінен Абай даңғылына дейінгі аймақта) «Алматы қаласының батыс кәріз коллекторын салу» нысаны бойынша құрылыс-монтаж жұмыстарының жүргізілуіне байланысты 15 шілдеден бастап № 14, № 22, № 26 және № 44 автобус бағыттарының қозғалыс сызбасы уақытша өзгереді:
№ 14
Оңтүстік бағытта — Абай даңғылы — Мамыр көшесі — Медеубеков көшесі — Төлебеков көшесі — Жандосов көшесі — Бекешев көшесі — Әбділдин көшесі — әрі қарай сызба бойынша.
Кері бағытта — Әбділдин көшесі — Бекешев көшесі — Жандосов көшесі — Төлебеков көшесі — Медеубеков көшесі — әрі қарай сызба бойынша.
№ 22
Оңтүстік бағытта — Медеубеков көшесі — Төлебеков көшесі — Жандосов көшесі — әрі қарай сызба бойынша.
Кері бағытта — Жандосов көшесі — Төлебеков көшесі — Медеубеков көшесі — әрі қарай сызба бойынша.
№ 26
Оңтүстік бағытта — Алатау даңғылы — Абай даңғылы — Мамыр көшесі — Медеубеков көшесі — Төлебеков көшесі — Жандосов көшесі — әрі қарай сызба бойынша.
Кері бағытта — Жандосов көшесі — Төлебеков көшесі — Медеубеков көшесі — Мамыр көшесі — Абай даңғылы — Алатау даңғылы — әрі қарай сызба бойынша.
№ 44
Оңтүстік бағытта — Медеубеков көшесі — Төлебеков көшесі — Жандосов көшесі — Бекешев көшесі — Әбділдин көшесі — әрі қарай сызба бойынша.
Кері бағытта — Әбділдин көшесі — Бекешев көшесі — Жандосов көшесі — Төлебеков көшесі — Медеубеков көшесі — әрі қарай сызба бойынша.
Сонымен бірге Төле би көшесін ұзарту жобасы аясында жүргізіліп жатқан құрылыс-монтаж жұмыстарына және Әшімов көшесінен Алатау көшесіне дейінгі аймақта қозғалысқа уақытша шектеулер енгізілуіне байланысты 15 шілдеден бастап № 15, № 27, № 76 және № 118 автобус бағыттарының қозғалыс сызбасы уақытша өзгертіледі:
№ 15
Солтүстік бағытта — Әшімов көшесі — Райымбек даңғылы (кері бұрылу) — Райымбек даңғылы — әрі қарай сызба бойынша.
Кері бағытта — Райымбек даңғылы — Әшімов көшесі — әрі қарай сызба бойынша.
№ 27
Солтүстік бағытта — Алатау даңғылы — Сәбденов көшесі — Әшімов көшесі — әрі қарай сызба бойынша.
Кері бағытта — Әшімов көшесі — Сәбденов көшесі — Алатау даңғылы (кері бұрылу) — Алатау даңғылы — әрі қарай сызба бойынша.
№ 76
Шығыс бағытта — Алтын Орда көшесі — Алатау даңғылы — Сәбденов көшесі — Әшімов көшесі — әрі қарай сызба бойынша.
Кері бағытта — Әшімов көшесі — Сәбденов көшесі — Алатау даңғылы (кері бұрылу) — Алатау даңғылы — Алтын Орда көшесі — әрі қарай сызба бойынша.
№ 118
Батыс бағытта — Әшімов көшесі — Сәбденов көшесі — Алатау даңғылы (кері бұрылу) — Алатау даңғылы — Абай даңғылы — әрі қарай сызба бойынша.
Кері бағытта — Алатау даңғылы — Сәбденов көшесі — Әшімов көшесі — әрі қарай сызба бойынша.
Сондай-ақ Алма-Арасан шағын ауданында жол жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне және «Алма-Арасан кенті» бақылау пунктіне дейінгі жол аймағы уақытша жабылуына байланысты 15 шілдеден бастап жөндеу жұмыстары аяқталғанға дейін № 211 автобус бағыттың соңғы аялдамасы уақытша «Талап бойынша» аялдамасына ауыстырылады.
Еске салайық, бұған дейін Алматыда Төле би көшесінің бір бөлігі уақытша жабылатынын хабарлағанбыз.