Алматыда Төле би көшесінің бір бөлігі толықтай жабылады
АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматыда Төле би көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Инженерлік желілерде жоспарлы жұмыстардың жүргізілуіне байланысты Төле би көшесінің Тілендиев және Брусиловский көшелерінің аралығында автокөлік қозғалыс уақытша шектеледі.
— Аталған учаскеде қозғалыс 2026 жылы 18 шілде сағат 20:00–ден 19 шілде сағат 13:00–ге дейін толықтай жабылады, — делінген хабарламада.
Әкімдік өкілдері қала тұрғындары мен қонақтарына жол бағытын алдын ала жоспарлап, уақытша енгізілетін шектеуді ескеруге және уақытша жол белгілерінің талаптарын сақтауға кеңес берді.
Еске салайық, бұған дейін Алматыдағы кәріз коллекторының құрылысына байланысты бір көшеде қозғалыс шектелетінін хабарлаған едік.