Алматыда тұрғын үй маңында әйелдің мәйіті табылды
АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматы полициясы бұл фактіге байланысты қылмыстық іс қозғады.

Желідегі мәліметке сенсек, әйел «Комфорт сити» тұрғын үй кешенінің 18-ші қабатынан секіріп, мерт болған. Қолында 4 жасар баласы болған.
— Бұл дерек бойынша Бостандық аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның себебі мен мән-жайы анықталып жатыр, — деп хабарлады қалалық полиция департаментінен.
Қалалық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 2021 жылы туған баланы жедел жәрдем бригадасы Балалар шұғыл медицина орталығына жеткізген.
— Бала көптеген жарақат алған, жағдайы өте ауыр. Реанимация және қарқынды терапия бөліміне жатқызылды. ДСМ диагностика және емдеу хаттамасына сәйкес толық көлемде ем қабылдап жатыр, — дейді басқармадан.
Еске салайық, былтыр «Теремки» тұрғын үй кешенінде осыған ұқсас оқиға болғанын жазғанбыз. Әйел көпқабатты үйдің терезесінен құлап мерт болды.
Одан кейін Алматыда көпқабатты үйден құлаған екі жасөспірім көз жұмғанын жазған едік.