Алматыда туристік нысандардың шағын сәулеттік көшірмелері жасалды

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматыда туристік нысандардың тактильді үлгілері орнатылды. 

Алматыда туристік нысандардың шағын сәулеттік көшірмелері жасалды
Фото: Алматы әкімдігі

Алматы әкімдігінің мәліметінше, ерекше қажеттілігі бар адамдар үшін инфрақұрылымның қолжетімділігін арттыру және инклюзивті туристік ортаны дамыту мақсатында қаланың көрікті орындарының 5 шағын макеті дайындалды. Олар: Вознесенск шіркеуі, Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейі, Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры, Алматы музейі және Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы.

Алматыда туристік нысандардың шағын сәулеттік көшірмелері жасалды
Фото: Алматы әкімдігі
Алматыда туристік нысандардың шағын сәулеттік көшірмелері жасалды
Фото: Алматы әкімдігі

— Қолмен сезіп тануға арналған үлгілер көру қабілеті бұзылған туристерге және өзге де ерекше қажеттілігі бар адамдарға қаланың көрікті орындарының сыртқы бейнесін сезінуге мүмкіндік береді. Шағын сәулет нысандарының үшеуі ғимараттардың кіреберіс аймақтарында, ал екеуі ғимараттардың ішіне орналастырылды, — деп хабарлады әкімдіктен.

Алматыда туристік нысандардың шағын сәулеттік көшірмелері жасалды
Фото: Алматы әкімдігі
Алматыда туристік нысандардың шағын сәулеттік көшірмелері жасалды
Фото: Алматы әкімдігі

Қала басшылығы шағын нысандар ерекше қажеттілігі бар келушілерге барынша ұзақ қызмет етуі үшін қала тұрғындары мен қонақтарын ұқыпты қарауға шақырды.

Алматыда туристік нысандардың шағын сәулеттік көшірмелері жасалды
Фото: Алматы әкімдігі
Алматыда туристік нысандардың шағын сәулеттік көшірмелері жасалды
Фото: Алматы әкімдігі

Еске салайық, бұған дейін Алматыда шетелдік туристер көп баратын мәдени-тарихи және рухани нысандар ішінде Вознесенск шіркеуі, Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік музейі, Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейі бар екенін жазғанбыз.

Соңғы жаңалықтар