Алматыда үш автобустың бағыты уақытша өзгереді

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматыда 9 қазаннан бастап Нұркент ықшамауданында және Алмалыбақ ауылында жолдардың жабылуына байланысты бірнеше автобус бағытының қозғалыс сызбасы уақытша өзгереді.

Алматыда үш автобустың бағыты уақытша өзгереді
Фото: Алматы әкімдігі

Қалалық көлік холдингінің хабарлауынша, № 78, № 105 және № 109 бағыттарға қатысты болады.

№ 105-бағыт.

Оңтүстік бағытта автобустар Момышұлы көшесімен жүріп, Нұркент ықшамауданына кірмейді, әрі қарай әдеттегі сызба бойынша қозғалады.
Кері бағыттағы қозғалыс өзгеріссіз қалады.

№ 109-бағыт.

Оңтүстік бағытта: Момышұлы көшесі — Универсиада көшесі — Рысқұлов даңғылы (солтүстік бағытқа бұрылыс) — Универсиада көшесі — Момышұлы көшесі, әрі қарай қалыпты бағытпен жүреді.

Кері бағыт — өзгеріссіз.

№ 78-бағыт.

Батыс бағытта: М36 тасжолы — 19 шақырымдағы бұрылыс — Шегебаев көшесі — Талғат Тегіс көшесі, әрі қарай сызба бойынша.
Кері бағытта: Талғат Тегіс көшесі — Шегебаев көшесі — М36 тасжолы (шығыс бағытқа бұрылыс), әрі қарай қалыпты бағытпен жүреді.

Аталған өзгерістер уақытша енгізіледі.

Еске салайық, бұған дейін Алматыда жаңа автобус парктері салынып, газ толтыру компрессорлық станциялары ашылатынын жазған едік.