Алматыда «вафельді» жол таңбасын кесіп өткен жүргізушілерге айыппұл салына ма

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматыда жүргізушілерге жақын уақытта «вафельді» жол таңба ережесін бұзғаны үшін айыппұл салына бастайды. Қазір полицейлер тек профилактикалық және түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. 

Алматыда «вафельді» жол таңбасын кесіп өткен жүргізушілерге айыппұл салына ма
Фото: Александр Павский/Kazinform

Алғашқы «вафельді» таңба Алматыда 2019 жылы пайда болған еді. Сол кезде тәжірибе ретінде екі қиылыста салынған. Кейін бұл бастама тоқтағанымен, 2025 жылы жоба қайта жанданды. Қазір мұндай жол таңбасы қаланың 10 көше қиылысында бар.

Алматыда «вафельді» жол таңбасын кесіп өткен жүргізушілерге айыппұл салына ма
Фото: Александр Павский/Kazinform

Алматы полиция департаментінің мәліметінше, 2019 жылы жол қозғалысы ережелерінде мұндай таңбаға қатысты нақты норма болмаған. Ал бүгінде ол ресми түрде бекітіліп, «вафельді» таңбамен белгіленген, бірақ бос емес қиылыстарға шығу құқықбұзушылық болып есептеледі.

Алматыда «вафельді» жол таңбасын кесіп өткен жүргізушілерге айыппұл салына ма
Фото: Александр Павский/Kazinform

— Қазір жол қозғалысын автоматтандырылған бақылау жүйелерімен интеграция жүргізіліп жатыр. Бұл алдағы уақытта осындай құқық бұзуды тіркеп, тиісті шара қолдануға мүмкіндік береді. Әзірше бұл жұмыс түсіндіру және алдын алу бағытында атқарылып жатыр. Біздің мақсат — жүргізушілерді тәртіпке баулу, әсіресе «вафельді» таңба қойылған жерлерде қиылысты бөгемеуге дағдыландыру. Мұның бәрі жол қозғалысының қауіпсіздігін арттыру үшін жасалып жатыр, — деді Алматы полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Еске салайық, бұған дейін Алматы көшелерінде көлік кептелісін азайту мақсатында «вафельді» жол таңбалары пайда болғанын хабарлағанбыз.

Соңғы жаңалықтар