Алматыда арызданушыға тиесілі 370 млн теңгені иемденіп алған сот орындаушысы сотталды

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматыда жеке сот орындашы өндіріп алынған қаражатты иемденіп, аса ірі көлемдегі алаяқтық жасағаны үшін сотталды. 

Алматыда заңсыз 370 млн теңге мен көлікті иемденіп алған сот орындаушысы 8 жылға сотталды
Фото: Павлодар облысы прокуратурасы

Қала прокуратурасының жүргізген тексеруі барысында тәртіп бұзу фактілері анықталды.

— Жеке сот орындаушысы өзінің қызмет бабын пайдалана отырып, өндіріп алушыларға тиесілі 370 миллион теңгеден астам қаржыны иемденіп алғаны, сондай-ақ Range Rover автокөлігін заңсыз иемденіп, 19 миллион теңгеден астам шығын келтіргені анықталды, — делінген хабарламада.

Алмалы аудандық сотының үкімімен жеке сот орындаушысының қылмыстық жолмен тапқан мүлкі тәркіленіп, 8 жылға бас бостандығынан және сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығынан айырылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Айта кетелік Астанада жеке сот орындаушылар жеке табыс салығын төлемей келген.

Соңғы жаңалықтар