Алматыда жаңа бетон неліктен қайта бұзылып жатыр — әкімдік жауабы

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматылықтар Есентай өзені жағалауында жаңадан құйылған бетонның қайта бұзылғанына шағымданып жатыр.

Алматылықтар Есентай өзені жағалауында жаңа бетон қайта бұзылғанына шағымданды
Фото: threads / @saida.paltuyeva

Қала тұрғыны әлеуметтік желіде Есентай өзені жағалауының жөндеу жүргізілген аумағы қайтадан бұзылып жатқанына шағымданды.

Алматы әкімдігі аталған жағдайға байланысты түсініктеме берді. Ресми мәліметке сәйкес, жағалаудағы бетон бұрын анықталған ақаулардың салдарынан бұзылып жатыр

— Тексеріс кезінде бетон құю жұмыстарын дұрыс орындамау фактісі анықталды. Жобаны іске асырудағы басты талап — сапа. Көрсетілген ескертулерді жою жұмыстары мердігер ұйымның өз қаражаты есебінен, яғни бюджет қаражатын пайдаланбай жүргізіліп жатыр, — деп хабарлады әкімдіктен.

Еске салайық, Есентай өзенінің жағалауын көркейтуге 11 млрд теңге жұмсалатынын жазғанбыз.

Соңғы жаңалықтар