Алматыда Жаңа жыл қарсаңында полиция жасақтарының саны артты

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Жаңа жылдағы мереке күндері Алматының коммуналдық және апаттық қызметі күшейтілген режимде жұмыс істейді.

патрульная полиция патрульдік полиция
Фото: Александр Павский/ Kazinform

Мереке күндері, 2026 жылы 1-4 қаңтар аралығында, Алматының коммуналдық, апаттық және жедел қызметі күшейтілген режимде жұмыс істейді.

Қала әкімдігінің хабарлауынша, бұл шаралар инженерлік инфрақұрылымның үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету және төтенше жағдайда жедел әрекет ету мақсатында қабылданды.

Мереке күндері жылу, су, электр және газбен жабдықтау, жеделсаты шаруашылығы, көше және аулаішілік жарықтандыру, сондай-ақ жол мен аула аумағын күтіп ұстау бағыттары бойынша тиісті қызметтердің тәулік бойғы кезекшілігі ұйымдастырылды. Барлық жұмылдырылған ұйымның жұмысын үйлестіретін қалалық штаб жұмыс істейді.

Тұрғындар үшін мереке күндері төмендегі жедел және апаттық байланыс нөмірлері қолжетімді болады:

ТЖД құтқару қызметі: 109;

Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту және тұрғын үй инспекциясы басқармасы
(ПИК, МИБ жұмысы, аулаларды тазалау және апаттық жағдай мәселелері бойынша):
+7 (727-22) 5-14-31, +7 (707-01) 8-08-46, +7 (747-13) 2-23-52;

Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту және тұрғын үй инспекциясы басқармасы
(жеделсаты, қазандық және газ жабдығы мәселесі бойынша):
+7 (727-39) 0-28-19, +7 (701-34) 4-74-87;

«Алатау Жарық Компаниясы» АҚ (электрмен жабдықтау):
+7 (727-35) 6-99-99, +7 (701-41) 0-88-56;

«Алматы жылу жүйесі» ЖШС (жылыту және ыстық сумен жабдықтау):
+7 (727-37) 8-06-48;

«Алматы Қала Жарық» АҚ (көше және аулаішілік жарықтандыру):
+7 (727-39) 0-20-40, +7 (727-39) 0-20-60;

«Алматы Су» ШЖҚ МКК (суық сумен жабдықтау және кәріз жүйесі):
+7 (727-27) 4-66-66, +7 (727-27) 4-24-20, +7 (771-85) 2-91-01;

«ҚазГаз Аймақ» АҚ (газбен жабдықтау):
+7 (778) 959-47-67.

Алматы әкімдігі тұрғындарды қауіпсіздік шараларын сақтауға және оқыс жағдай туындаған кезде кезекші қызметтерге жедел түрде жүгінуге үндеді.

Сонымен қатар Жаңа жыл қарсаңында және мереке күндері Алматыда қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары күшейтілді. Бұл туралы Алматы полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасының бастығы, полиция полковнигі Серік Шумаев мәлімдеді.

Оның айтуынша, адамдар көп жиналатын орындарда, қала көшелерінде және тұрғын алаптарда полиция жасақтары мен патрульдік экипаждардың саны арттырылған.

— Алматы полициясы күшейтілген қызмет атқару режиміне көшті. Қызметкерлеріміз көшелерде, қоғамдық орындарда және жолдарда қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, қала тұрғындары мен қонақтарының мерекені тыныш әрі қауіпсіз өткізуі үшін тәулік бойы қызмет етіп жатыр, — деді Серік Шумаев.

Мереке күндері құқық бұзушылықтардың алдын алуға, қоғамдық орындардағы тәртіпті сақтауға, сондай-ақ балалар мен кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігіне ерекше назар аударылады.

— Қала тұрғындарын қоғамдық тәртіп ережелерін сақтауға, тұрғын аулаларда тыныштықты бұзбауға, балалар мен қарттардың қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға шақырамыз, — деді полиция өкілі.

Еске салайық, бұған дейін Алматы халықаралық әуежайы жаңажылдық мерекелер кезінде күшейтілген режимде жұмыс істейтінін хабарлаған едік.

Соңғы жаңалықтар