Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Алматыда жарық өшкеннен кейін су беру тоқтады

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматының жарық өшкен аумақтарында су жабдықтау желілерінің жұмысы нашарлады.

вода кран су
Фото: Kazinform

Бүгін сағат 14:38-де Алматы қаласы мен Алматы облысының басым бөлігінде жарық өшті. Оған «KEGOC» АҚ-ға тиесілі әуе электр желілерінде авариялық өшу себеп болды.

Электр энергиясының болмауынан қала көшелердегі бағдаршамдар істен шығып, көлік қозғалысы қиындады. Қалада кептеліс күшейді.

Сондай-ақ электр энергиясының өшуі мегаполистің сумен жабдықтау жүйесіне де әсер етті. Жарықсыз қалған қала аудандарында ыстық ыстық су өшіп, суық судың қысымы төмендеді не мүлдем жоғалды. Бұл жағдай әсіресе, көппәтерлі тұрғын үй кешендерінде байқалған.

Еске салайық, қазіргі уақытта «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ қызметкерлері электр энергиясын қалпына келтіру үшін жұмыс істеп жатыр.