Алматыда жаяу жүргіншіні көлік қағып, мерт қылды

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматының Алатау ауданында жаяу жүргіншіні көлік қағып, мерт қылды.

жол апаты
Фото: Видеодан скриншот

Оқиға орнынан түсірілген видео әлеуметтік желіде тарап жатыр. 

— Nissan көлігінің жүргізушісі Рысқұлов даңғылымен шығыс бағытта келе жатып, жолды белгіленбеген жерден кесіп өткен жаяу жүргіншіні қағып кетті. Ер адам алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды, — деп хабарлады Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Адам өліміне әкелген жол апаты бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Осыған дейін Алматының Жетісу ауданында көлік электр бағанына соғылып, жүргізуші мерт болғаны туралы жазған едік.

Сондай-ақ Алматы-Бішкек тас жолындағы жол апатынан 3 адам мерт болғаны туралы жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар