Алматыда жол апаты салдарынан бірнеше ондаған үй газсыз отыр
АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматының Түрксіб ауданында жол-көлік оқиғасы салдарынан газ құбыры зақымданды.
QazaqGaz Aimaq АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 2026 жылғы 16 қаңтарда сағат 14:30 шамасында ауданның орталық көшелерінің бірінде болған. Ауыр жүк көлігінің соқтығысуы салдарынан төмен қысымды газ құбырына зақым келді.
– Жойқын соққы салдарынан газ құбырының болат құбыры екі жерден дәнекерленген түйіспелері зақымданып, сондай-ақ шамамен 7 метрге созылған газ құбыры иіліп қалды. Қосымша тексеру барысында QazaqGaz Aimaq АҚ-ның апаттық-диспетчерлік қызметінің мамандары төмен қысымды газ құбырының көршілес енгізу нүктесінде жарықшақтың пайда болғанын, сондай-ақ газ есептеу аспаптарын ұстап тұрған кронштейндердің ажырағанын анықтады, - делінген хабарламада.
Оқиға орнына жедел жеткен компанияның жергілікті өндірістік филиалының апаттық бригадасы аумақты тексеріп, газдың шығуы тіркелмегенін хабарлады.
Қауіпсіздік мақсатында 65 жеке тұрғын үйге газ беру уақытша тоқтатылды.
Қазіргі уақытта зақымданған газ құбырын қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп, оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.
Еске салайық, бүгін, 2026 жылғы 16 қаңтарда Алматыда ауа райына байланысты кептеліс 10 балға жетті.