Алматыда жүкті әйелге бір мезгілде екі ота жасалды
АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасында дәрігерлер жүктіліктің 38-ші аптасындағы науқасқа бірегей ота жасады. Ақ халаттылар бір ота арқылы әйелді босандырып, тамырлы ісікті алып тастады.
Әйел ауруханаға толық жүктілік және мұрын вестибулитінің гемангиомасы диагнозымен түскен. Қан тамырларының пайда болуы қан кетудің қаупін тудырды. Мұндай жағдай әйелдің алдыңғы жүктілігі кезінде орын алған. Сондықтан науқастың жағдайы тез арада қауіпсіз шешім шығаруды талап етті.
Акушер-гинекологтар, анестезиологтар және ЛОР мамандары қатысқан мультидисциплинарлық консилиумнан кейін бір мезгілде гемангиоманы алып тастау арқылы кесар тілігін жасау туралы шешім қабылданды.
Операция екі кезеңде жасалды. Алдымен акушер-гинеколог бригадасы кесір тілігін сәтті орындап, әйелді босандырып алды. Содан кейін ЛОР мамандар қан жоғалтудың алдын алу үшін барлық сақтық шараларын қолданып, тамырлы зақымдануды алып тастады.
Дәрігерлердің үйлесімді әрекетінің арқасында екі ота да сәтті өтті. Ана мен жаңа туған нәрестенің жағдайы тұрақты, операциядан кейінгі кезең ешбір қиындықсыз өтті.
Осыған дейін Алматыда дәрігерлер жүкті әйелдің сәбиіне зиян келтірмей жүрекке ота жасаған болатын.