Алматыдағы көші-қон жүктемесін азайтудың негізгі тәсілдері айқындалды

АЛМАТЫ. KAZINFORM — ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Асқарбек Ертаев Алматы қаласындағы көші-қон процестерін реттеу және Алматы агломерациясын теңгерімді дамыту мәселелері бойынша жұмыс тобының көшпелі отырысын өткізді, онда еліміздің ең ірі қаласындағы көші-қон жүктемесін төмендетудің негізгі тәсілдері айқындалды. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі мәлім етті.

Алматыдағы көші-қон жүктемесін азайтудың негізгі тәсілдері айқындалды
Фото: ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

Шараға Алматы қаласы мен Алматы облысының орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарының өкілдері қатысты.

Алматыдағы көші-қон жүктемесін азайтудың негізгі тәсілдері айқындалды
Фото: ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

— Кездесу барысында Алматы қаласы мен Алматы облысындағы көші-қон процестерін реттеудің өзекті мәселелері және Алматы қаласындағы көші-қон жүктемесін азайтуға көмектесетін агломерациялық аумақтарды дамыту перспективалары талқыланды, — делінген хабарламада.

Алматыдағы көші-қон жүктемесін азайтудың негізгі тәсілдері айқындалды
Фото: ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

Отырыс қорытындысы бойынша Алматы қаласы мен Алматы агломерациясын теңгерімді дамыту мәселелерін Жол картасына енгізу бойынша шаралар кешені әзірленіп, ведомствоаралық өзара іс-қимылдың тәсілдері айқындалды.

Бұған дейін хабарланғандай, Алматыдағы «Манхэттен» тұрғын үй кешенінде ауқымды тексеру жүргізілді.

Соңғы жаңалықтар