Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Алматыдағы қоймадан шыққан өрт толық ауыздықталды

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматы қаласында қойма ғимаратында болған өрт оқшауланды. Бұл туралы ТЖМ мәлім етті.

Алматыдағы қоймадан шыққан өрт толық ауыздықталды
Фото: ТЖМ

Өрт сөндірушілер оқиға орнына келгенде, ғимараттың жалынға оранып, ашық жанып жатқанын анықтады.

Өрт орнында үш өрт сөндіру учаскесі құрылды. Өрт орнында оны сөндіру жұмыстары жалғасуда. Оқиға орнына ТЖД-ның 63 жеке құрамы мен 16 техникасы, «Алматы-1» ЖЭО-ның 3 қызметкері мен 1 техникасы, «Су Арнасы», «Алматы Тазалық» қызметтері, ҚТЖ өрт сөндіру пойызы және автопоезд жұмылдырылды.

Зардап шеккендер туралы 112 желісіне ақпарат түскен жоқ.

ТЖМ күштері өртті толығымен сөндірді.