Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Алматыдағы LRT: Төле би көшесінің тағы бір бөлігінде жол жабылды

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматыда LRT жобасын жүзеге асыру аясында Төле би көшесінде көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

дороги автомобили пробка жолдар көліктер кептеліс
Фото: Александр Павский/ Kazinform

Атап айтқанда, Өтеген батыр көшесінен Вилюйская көшесіне дейінгі аралықта шығыс бағытындағы автокөлік қозғалысы уақытша шектеледі.

Бұл аумақта Төле би көшесінің солтүстік жағында реверсивті қозғалыс ұйымдастырылады.

Инженерлік желілерді көшіру жұмыстары 16-18 шілде аралығында жүргізіледі.

— Ал 18–20 шілде аралығында дәл осындай жұмыстар көшенің қарама-қарсы жағында атқарылады. Осы кезеңде реверсивті қозғалыс Төле би көшесінің оңтүстік жағында ұйымдастырылады, — делінген хабарламада.

Әкімдік өкілдері жүргізушілерге жол бағытын алдын ала жоспарлап, уақытша жол белгілерінің талаптарын қатаң сақтауды ескертті.

Еске салайық, бұған дейін Алматыда Төле би көшесін ұзарту жобасы аясында жүргізілетін құрылыс-монтаж жұмыстарына байланысты көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізілетінін хабарлаған едік.