10:40, 30 Қараша 2023 | GMT +5
Алматыдағы өрт: Хостелде студенттер мен жалдамалы жұмысшылар тұрған
Өрт шыққан хостелде студенттер мен жалдамалы жұмысшылар тұрған. Бұл туралы Алмалы ауданының әкімі Айдар Жақыбаев мәлім етті, деп хабарлады Kazinform.
«Жатақханада тұрғандардың дені — студенттер мен жас жұмысшылар. Пәкістан мен Үндістаннан келген медицина университетінің студенттері де бар», — деді аудан әкімі.
Еске салайық, бүгін таңертең болған өрт салдарынан 13 адам көз жұмды, екеуі ауруханаға жеткізілді. 59 адам шұғыл эвакуацияланды. 56-сы жақын маңдағы мектепке уақытша орналастырылды. Мұндағы тұрғындардың дені шет мемлекеттер азаматтары.