Хостелдегі өрт: Алматылық дәрігерлер зардап шеккендер туралы айтты

Хостел
Фото: Алматы қалалық ТЖД

Алматыдағы Әди Шәріпов көшесіндегі өрттен зардап шеккен 2 адам қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасына жеткізілді, деп хабарлайды Kazinform. 

Қалалық денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне сәйкес, науқастың біріне көмірқышқыл газына улану диагнозы қойылды.

«Оның жағдайы орташа ауырлықта, тұрақты деп бағаланып отыр. Екінші науқас барлық тексеруден кейін ұсыныстармен амбулаторлық емделуге жіберілді», - деп хабарлады ведомстводан.

Дәрігерлердің айтуынша, барлық зардап шеккен адамға толық көлемде қажетті медициналық және психологиялық көмек көрсетілетін болады.

Бұған дейін мегаполисте хостел өртеніп, 13 адам қаза тапқаны туралы жазған болатынбыз. 

Соңғы жаңалықтар
telegram referendum